Белгілі сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден озды

0
1 684

Ғабдикамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүние келген.


Белгілі сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден озды

ERNUR.KZ. Танымал сиқыршы, иллюзионист Камал Қоңқараев қайтыс болды, - деп жазады тengrinews.kz.

Қайғылы хабарды актер Ринат Уәлиев жеткізді. Ол сиқыршының неден қайтыс болғанын жазды.

"Камал ағамыз кеше қайтыс болыпты. Жүректен кетті. Жеңгеміз бұған дейін ешқандай ауру-сырқауы болмағанын айтады. Есіктің алдында жұмысшыларымен жұмыс істеп жатқан. Сол кезде аяқ астынан жүрегі ұстап, қайтыс болған екен", - дейді Ринат Уәлиев.

Оның айтуынша, Камал Қоңқараевты ақтық сапарға шығару рәсімі ертең, яғни 1 шілдеде таңертең өтеді.

Ғабдикамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүние келген. Сиқыршы бір ұл, бір қыз тәрбиелеген. Өмірінің соңына дейін тек сиқыр өнерімен айналысқан.