Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды

0
2 670

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген.


Белгілі тележүргізуші Майя Бекбаева «Kazakh TV» арнасына басшы болып тағайындалды

ERNUR.KZ. Танымал қазақстандық тележүргізуші Майя Бекбаева «Хабар» агенттігінің «Kazakh TV» арнасына директор болып тағайындалды, деп жазады 24.kz.

Майя Бекбаева 1979 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «халықаралық журналистика» факультетінде оқып, үздік бітірген.

Қаршадай 12 жасында «Пульс времени» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған. Телевидениеге 2000 жылы журналист болып келген ол, Алматыдағы «Шахар» арнасына бас редактор болып тағайындалды. 2005 жылы алматылық «Таң» арнасында тілші, кейін бас редактор болды.

2009 жылы республикалық «Қазақстан» ТРК-сына жұмысқа орналасты. Ал 2012 жылы «7 арна» ұжымының мүшесі атанды. 2016 жылы тележүргізуші «Хабар» агенттігінің телеарналарында бірқатар бағдарлама жүргізе бастады.

KAZAKH TV – Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутниктік телевизиялық арнасы. KAZAKH TV өзінің алғашқы көрсетілімін 2002 жылдың 25 қазанында «Caspionet» атауымен бастады. 14 жылдан кейін, яғни 2016 жылы күздің екінші айында «Kazakh TV» және «Білім және Мәдениет» арналары бірігіп, жұмысын KAZAKH TV атауымен жалғастырды. Бүгінгі таңда KAZAKH TV – Қазақстанның мәдениеті, тарихы, дәстүрі мен заманауи шындығы туралы имидждік арна. Сондай-ақ Еуропа мен Азия тоғысқан жерінде орналасқан Қазақстанды танытатын бірегей телеарна болып табылады. Жаңа телемаусымда KAZAKH TV арнасы жаңа графикалық безендірілулер және біркелкі контенттік базасымен республикалық және халықаралық таралымда эфирге шықты. Республика көлемінде қазақ және орыс тілдерінде 18 сағат бойы хабар таратады. Сигнал тарату «Отау ТВ» ұлттық спутниктік телевизия жүйесінің көмегімен жүзеге аспақ. Ал халықаралық көрсетілім HotBird 13B, Galaxy 19 және AsiaSat 5 спутниктік платформасының көмегімен қазақ және ағылшын тілдерінде тәулік бойы эфирге шығады.

Арна әлемнің 118 мемлекетіне тарайды. Олардың арасында Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері бар. Телеарнада мемлекеттің мәдени және қоғамдық өмірі көрсетіледі. Контенті экономика, туризм, мәдениет, тарих және басқа салаларға байланысты жобалармен толықтырылды.

KAZAKH TV – халықаралық «Со-Творение» журналистер байқауының жеңімпазы. Телеарнаның екі бағдарламасы әділқазылардың басты сыйлығы және байқаудың Гран-приін иемденген. «Кішігірім жұлдыздар» («Малые звезды») аталымында Сәкен Сейфуллинге арналған Faces of history жеңсе, «Шекара және уақытқа қарамай» («Сквозь границы и времена») аталымында «Беймәлім Достоевский» тақырыбымен Reflections on history бағдарламасы үздік атанды.