Белгілі журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

0
614

Полиция бұл деректі растады.


Белгілі журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда журналист және блогер Сандуғаш Дүйсенова ұсталды. Ол жеке өмірге қатысты деректерді жариялады деген күдікке ілінген, деп жазады Stan.kz.


Полиция бұл деректі растады. Ведомство мәлімеінше 11 тамызда Дүйсенова ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілген.

"Процессуалдық шаралардан ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Қазір тергеу облыстық департамент бақылауында. Іс бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды", – деп жазылған полиция хабарламасында.

Журналист Қылмыстық кодекстің 147-бабы "Жеке өмiрге қолсұқпау және дербес дерек пен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу" бойынша күдікке ілінген.