Белгісіз біреулер Екібастұз маңындағы көлде аққуларды атып кеткен

0
917

Қазіргі уақытта полицейлер аққуларды кімдердің және не үшін атып кеткенін анықтап жатыр.


Белгісіз біреулер Екібастұз маңындағы көлде аққуларды атып кеткен

ERNUR.KZ. Белгісіз біреулер Екібастұз маңындағы көлде аққуларды атып кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы жергілікті тұрғындар Instagram желісінде жазды. Өткен жазда Ащыкөл көлінде екі ересек аққу мен сегіз жас құс пайда болған.

Куәгерлердің айтуынша, күздің басында құстардың саны азая бастаған.

Атылған құсты Ащыкөл су қоймасын жалға алатын қалалық кәсіпорындардың бірінің күзетшісі тапқан. Түнде ер адам дыбыстарды естіген соң жағалау аумағын аралап, мұз үстінде жатқан аққуды көрген.


"Жараланған қанатына қарамастан, құс көлде екі сағат бойы жүрген. Күзетші оны ұстап алып, бізге автобазаға алып келді. 1-2 күннен кейін жергілікті тұрғындардың бірі аққуды үйінде уақытша ұстады", - дейді Леонид Морозов есімді тұрғын.




Қазіргі уақытта полицейлер аққуларды кімдердің және не үшін атып кеткенін анықтап жатыр.

"Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция басқармасында тіркелді. Полиция аққуларды заңсыз аулау фактісіне қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс - шараларды бастады", - деді полиция департаментіндегілер.