​Бельгияда алғашқы су асты киностудиясы жұмысын бастады

0
1 042

Суасты студиясында продюсерлер мен режиссерлер жоспарларын жүзеге асыра алады.


​Бельгияда алғашқы су асты киностудиясы жұмысын бастады

ERNUR.KZ. Онда кино түсіру іс басталып та кеткен. Қазір бірегей студияда швед режиссері Юаким Хеден Арктикада апатты жағдайға тап болған адамдардың тағдырын түсіріп жатыр, деп жазады 24.kz.

Айта кетері, киностудия екі құрғақ және тереңдігі 9 метр болатын су алаңынан тұрады. Арнайы құрылғы толқын мен желді иммитациялайды. Ал жылжымалы еден кез келген қойылымды қою мүмкіндігін береді.

Карен Дженсен, компания өкілі:

- Қазір бізге продюсерлер мен режиссерлер көптеп келіп жатыр. Олар әдетте «менде мынадай сценарий бар еді, бірақ өмірге қауіп төндіретін болған соң оны түсіру мүмкін емес деп ойлап келдік» дейді. Енді осы студияда олар жоспарларын жүзеге асыра алады. Рас, шытырманды кино түсірген дұрыс, бірақ қауіпсіздік жағын да ойлаған жөн.