“БерАли Маңғыстау" компаниясының бұрынғы 80 қызметкері жұмысқа қайта алуды сұрады

0
373

"БерАли Маңғыстау" компаниясының бұрынғы жұмысшыларының басты талабы "Өзенмұнайгаз" АҚ ұжымына жұмысқа орналасу болатын.


“БерАли Маңғыстау

ERNUR.KZ. “БерАли Маңғыстау компаниясы" ЖШС-нан бұрынғы қызметкерлер өздерін қайта жұмысқа алуды сұраған. Компания бұрынғы қызметкерлердің ұсыныстары мен талаптарын серіктестік директоры Ерлан Жүзбаев тыңдағанын айтты, деп жазады stan.kz.

Ақпан айында "БерАли Маңғыстау компаниясы" ЖШС "ӨзенМұнайГаз" АҚ-нан 666 млн теңгеге ұңғымаларды пайдаланудан шығару жұмыстарының көлемін ашық тендерде жеңіп алды.

Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек еді. Алайда қызметкерлер арасындағы еңбек дауына байланысты тараптармен келіссөздер жүргізілді. Енді олар келесі дүйсенбіден, яғни 15 мамырдан бастап кен орнында жұмысқа кіріседі. Олар ұңғымаларды демонтаждау жұмыстарына жіберіледі.

“Біз бұрынғы жұмысшыларымызға қамқорлық жасаймыз. Олардың пікірімен санасамыз. Жұмыс бір айдан көп уақытқа тоқтатылды. Көптеген келіссөздер болды. Оларды қайтадан өз қатарымызда көргенімізге қуаныштымыз. Бір-бірімізбен ынтымақтаса отырып, жұмыс көлемін уақытында аяқтаймыз деп ойлаймын”, – деді жиында "БерАли Маңғыстау компаниясы" ЖШС директоры.

Серіктестік басшысы "БерАли Маңғыстау компаниясы" ЖШС-нің бұрынғы 80 қызметкерін жұмысқа қайта алу туралы өтінішін қабылдады.

Еске салайық, "БерАли Маңғыстау" компаниясының бұрынғы жұмысшыларының басты талабы "Өзенмұнайгаз" АҚ ұжымына жұмысқа орналасу болатын.

Одан бөлек, сәуір айының соңында "БерАли Маңғыстау" компаниясының басшылығы тергеу деректері бойынша 250 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген ақпарат тараған.