Bereke Bank VISA төлем жүйесімен жұмысын қайта бастады

0
1 906

Енді Visa және MasterCard төлем жүйелерінің қызметі банк клиенттеріне толығымен қолжетімді.


Bereke Bank VISA төлем жүйесімен жұмысын қайта бастады

ERNUR.KZ. Bereke Bank (Сбербанктің бұрынғы еншілес банкі) Visa халықаралық төлем жүйесімен жұмысын қайта бастады. Осылайша банк клиенттер үшін әлемдегі ең ірі Visa және MasterCard төлем жүйелерінің қызметін толық қалпына келтірді, деп жазады sputnik.kz.

Енді клиенттер Bereke Bank-тің жаңа Visa карталарын рәсімдей алады, ол бойынша сауда орындарында, қосымшаларда және интернет-сайттарда сауда ақысын төлеуге, қолма-қол ақша шешіп алуға және бүкіл әлем бойынша ұлттық және шетел валютасында жасалатын ақша аударымдарын қоса алғанда, онлайн операциялардың барлық түрін жүргізуге болады.
Сондай-ақ POS-терминалдарда және Bereke Bank-тің интернет-эквайрингінде кез келген басқа банктің VISA карталарымен төлем жасау мүмкіндігі де жаңартылды.
"Bereke Bank үшін Visa төлем жүйесімен жұмысын қайта бастау операциялық қызметті толық қалпына келтіру үшін жасалған жұмыстардың соңы еді", – деді "Bereke Bank" АҚ басқарма төрағасы Андрей Тимченко.
Айта кетері, "Bereke Bank" АҚ – екінші деңгейлі қазақстандық банк, қаржы ұйымы акцияларының 100%-і "Бәйтерек" холдингі атынан Қазақстан үкіметіне тиесілі.