Бес баланың өлімі: Үкімет басшысы көңіл айтты

0
3 085

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев мұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына түспесін деп тіледі.


Бес баланың өлімі: Үкімет басшысы көңіл айтты


ERNUR.KZ.Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев елордада өрттен көз жұмған балалардың ата-анасына көңіл айтты, деп жазады BAQ.KZ


«Отырысты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Астанада орын алған қайғылы оқиғадан бастағым келіп отыр. Өрт салдарынан бір үйдің өрімдей 5 баласы қаза болды. Жантүршігерлік жағдай, бір отбасының басына түскен ауыр қайғы. Ай мен күннің аманында бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анасына Құдай күш қуат берсін дейміз. Марқұм болған балалардың ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді премьер-министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев мұндай қайғылы жағдайды ешкімнің басына түспесін деп тіледі.

Айта кетейік, 4 ақпан күні түнде «Сарыарқа» ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында өрт шығып, онда жеке үйдің аумағындағы шағын үй жанып кеткен. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016, 2018 жылы туған бес бала көз жұмды.