Бес өңірде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды

0
521

Ауа райы туралы ескерту тек ШҚО-да жоқ.


Бес өңірде ауа райына байланысты

ERNUR.KZ. Қазақстанның бес өңірінде ауа райына байланысты "қызыл" деңгей жарияланды. Ол Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау және Қостанай облыстары. Ол бұл аймақтардағы жоғары температураға байланысты, деп жазады Tengrinews.kz.

Ескерту картасында тағы төрт өңір сарғылт түспен белгіленген, олар: Павлодар, СҚО, БҚО және Жамбыл облыстары. Бұл аймақтарда да күн ысиды. Ауа райы туралы ескерту тек ШҚО-да жоқ. Өңір "жасыл" деңгейде.

Сондай-ақ "Қазгидромет" синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ақмола облысында кей жерлерде, Қостанай облысының оңтүстгінде, Қарағанды облысында 41 градусқа дейін ыстық болады.

Қызылорда облысында 3 шілдеден 5 шілдеге дейін 45 градус ыстық болады.

4-5 шілдеде күндіз Атырау облысында 41 градус ыстық болады.

3 шілдеде күндіз Қарағандыда 35-36 градус ыстық болады.

Маңғыстау облысында 40-41 градус, Ақмола облысында 41 градус, Атырау облысында 38 градус, Ақтөбе облысында 39 градус ыстық болады.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай мен бұршақ болады.