Бес өңірде азық-түлік бағасы шарықтап тұр – үкімет

0
668

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының орташа деңгейі 1,4 процентті құрады.


Бес өңірде азық-түлік бағасы шарықтап тұр – үкімет

ERNUR.KZ. Үкімет басшысының орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасы шарықтап тұрған өңірлерді атады, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының орташа деңгейі 1,4 процентті құрады. Бірақ кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болып тұр.
Атап айтқанда, Астана мен Шымкент қалаларында - 2,2%, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%, Ақтөбе облысында – 1,7%, ал Ұлытау облысында азық-түлік 1,5 процентке қымбаттады.
Әкімдіктер әлеуметтік маңызы азық-түлік тауарлары бағасын да ұстай алмай отыр. Мәселен, Маңғыстау облысында осы санаттағы тауарлар 3,4 процентке көтірелді. Ұлытау облысында – 2,8%, ал Астана қаласында 2,5%-ке өскен.
"Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязға 22,5%, күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%, макарон 2,6%-ды құрады", - деді Жұманғарин бүгінгі үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, әкімдіктер қолда да шараларды да, қаржыны да тиімді пайдаланып жатқан жоқ. Мәселен, Маңғыстау облысында бағаны тұрақтандыру арналған 3,6 миллиард теңгенің 2 миллиард теңгесі игерілмей жатыр.
Ал Астана қаласында "айналым схемасы" бойынша қаржыландыруға бөлінген қаржының көлемі 14 миллиард теңгені құрайды. Соған қарамастан, елорда бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде кіреді.