Бесінші қабаттан құлаған қызды қағып алған полицейге бес бөлмелі пәтер берілді

0
261

Қазіргі кезде аға лейтенант ем қабылдап жүр. Қызды құтқарғанда аяғын қатты соғып алған.


Бесінші қабаттан құлаған қызды қағып алған полицейге бес бөлмелі пәтер берілді

ERNUR.KZ. Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер кілті табысталды, деп жазады exk.kz.

Патрульдік полиция қызметкері Алмат Әмірханға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қызметтік тұрғын үй кілтін табыстады.

Қазіргі кезде аға лейтенант ем қабылдап жүр. Қызды құтқарғанда аяғын қатты соғып алған.


Бұған дейін полиция қызметкері туыстарымен бірге тұрып келген.

"Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекетіне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алматы Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды", - дейді Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов.

Еске салайық, оқиға 7 қаңтарда болған. Қоршауға ілініп қалған қыз балконнан құлап түскен. Сол кезде үйдің жанынан өтіп бара жатқан адамдар жедел басқару орталығына хабар береді. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барған. Руслан бірден бесінші қабатқа жүгіреді. Алмат далада қалған. 29 жастағы қыз құлаған кезде Алмат қағып алған.