Бетті тұмшалауға тыйым салатын заң Мәжіліске қайтарылды

0
1 045

Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды


Бетті тұмшалауға тыйым салатын заң Мәжіліске қайтарылды

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Сенаты бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды, деп жазады Baq.kz.

Бүгін Сенат отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып, құжат Мәжілістің қарауына жіберілді.

«Сенат заң жобасына 2 өзгеріс енгізуді ұсынды. Сол бойынша жұмыс істейміз», - деді қоғамды даму министрі Дархан Кәлетаев Сенат отырысының кулуарында.

Жоғары палатаның депутаттары аталған құжат бойынша «Жарнама» туралы заңға түзету енгізуді ұсынған. Оған сәйкес жарнама деструктивті діни ағымдардың сыртқы атрибуттарын, киім-кешектерін насихаттау үшін пайдаланылмауы тиіс. Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодескте аталған тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілік көзделмеген. Ал құқық қолдану практикасында аталған норманы іске асыру қиын екен. Сондықтан аталған норманы алып тастау ұсынылды.

Сонымен қатар заңдағы екінші өзгерту азаматтардың діни білім алуына байланысты.