БҒМ Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады

0
2 001

Аутсайдер ЖОО-лардың тізіміне Қызылорда қаласындағы екі бірдей университет еніп отыр.


БҒМ Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Комитет басшысы атаған аутсайдер ЖОО-лардың тізімі төмендегідей:

  • Сырдария университеті;
  • Шымкент университеті; Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті;
  • Астана университеті;
  • Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті;
  • Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті,;
  • Шет тілдер және іскерлік карьера университеті;
  • Қазақ-орыс халықаралық университеті;
  • Болашақ университеті (Қызылорда);
  • Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты.

Аталмыш ЖОО-лардың рейтингте төмен сатыда орналасуына университеттерде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламасының құрылмағаны, қажетті құзыреттердің жоқтығы, университет түлектеріне сұраныстың аздығы, оқу орынынан шыққан түлектердің жұмысқа орналасу қиындығы себеп болған.

Комитет төрайымының айтуынша, биыл рейтингке Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, ІІМ-ге бағынышты жоғары оқу орындарынан басқа барлық ЖОО енген.