Билет бағасына әсер етті: Назарбаев әуежайы авиакомпанияларға отынды түрлі бағамен сатқаны анықталды

0
761

16 маусымда әуежайға заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы хабарлама жіберілді.


Билет бағасына әсер етті: Назарбаев әуежайы авиакомпанияларға отынды түрлі бағамен сатқаны анықталды

Нұр-Сұлтан әуежайы авиакомпанияларға отынды түрлі бағамен сатқан. Бұл билет бағасына әсер етті, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ авиация отынын сату нарығында доминант бола отырып, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген. Тексеріс азаматтардың шағымдары негізінде жүргізілгені айтылды.

"Нарық субъектісінің баға жағдайының ауытқуына қатысты іс-әрекеттері түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуіне, оның ішінде әуе тасымалдарының бағасына әсер етеді", - делінген хабарламада.

16 маусымда әуежайға заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы хабарлама жіберілді. Қазір заңбұзушылық жойылғаны хабарланды.