Билікке бір айналып соққан Досаев Мәжіліс спикерін Президентпен шатастырып алды (видео)

0
1 318

Төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин әсіресе сырттан алған қарыздардың мақсатсыз жұмсалып жатқанын а баса назар аударып,сөз қозғағанда сыртқы қарыздардың негізділігін анықтайтын ​комиссия төрағасы әрі Үкімет басшысының орынбасары сөзінен жаңылып қалды


Билікке бір айналып соққан Досаев Мәжіліс спикерін Президентпен шатастырып алды (видео)

ERNUR.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ел бюджетінің атқарылуы бойынша былтырғы жылдың нәтижелерін саралау барысында Есеп комитетінің келтірген мәліметтері депутаттардың қызу талқысына түрткі болған еді. Төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин әсіресе сырттан алған қарыздардың мақсатсыз жұмсалып жатқанын а баса назар аударып,сөз қозғағанда сыртқы қарыздардың негізділігін анықтайтын комиссия төрағасы әрі Үкімет басшысының орынбасары сөзінен жаңылып қалды

«Қарызға алынған 14 пайыз ақша министрліктегі департамент, қызметкерлердің жұмыс нәтижелілігі көрсеткіштерін әзірлеуге кеткен. Еуропа мен АҚШ-тан маман жалдап не қажеті бар? Бақыт Тұрлыханұлы, сізден артық кім баға бере алады қоластындағыларыңызға?»,- деп шүйлікті спикер.

Бұған дейін бірнеше министрлікте осындай мәселелер болған екен. Оны шешу керектігін талап еткен Парламенттің сынын Үкімет қаперіне алып, шара қолданған. Арнайы ведомствоаралық комиссия құрып, сыртқы қарыздардың негізділігін анықтайтын өзіндік фильтр түзген. Мәжіліс спикері оны атап өтіп, Премьер Министр орынбасары әрі сол комиссияның төрағасы Ерболат Досаевқа сөз берген еді. Досаев мырза:

«Нұрсұлтан Әбішұлы... Айтайын дегенім, Нұрлан Зайроллаұлы. Сыртқы қарызды реттеу бойынша жобамызды қолдағаныңыз үшін алғыс білдіремін»,- деп сөзін ары қарай жалғастырып кетті.

Залда отырған өзге министрлер мен депутаттар оны байқамаған сыңай танытты.