Білім алуға келген қандастарымызға барлық қолдау түрі көрсетіледі - ҚР СІМ

0
2 827

Қазақстанға білім алуға келген этникалық қандас қазақтарға барлық қолдау түрі көрсетіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қайрат Әбдірахманов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, Қазақстанға оқуға түсуге және білім алуға келген шетелдіктер бір жылға дейін біржолғы және көп мәртелік виза алады. Кейін олар жыл сайын көші-қон қызметінде ұзартылады. Бұл ретте визасыз кіріп-шығу туралы Қазақстанмен келісім жасасқан мемлекеттен келген студенттерге ішкі істер органдары еліміз ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес оқу мерзімінде уақытша тұруға, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен рұқсат береді. «Бұдан басқа этникалық қазақтарға барлық қолдау түрлері көрсетіледі. Атап айтқанда, Қазақстанның оқу орындарына түскен жағдайда оқу визасы елден шықпастан Қазақстан аумағында беріледі», - деді ол. Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі «Денсаулық 2016-2019» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларын іске асыруға шетелдік инвесторларды және стратегиялық әріптестерді тарту бойынша да нақты жұмыстар жүргізуде. «Сыртқы істер министрлігі білікті медициналық кадрларды тартуға ҚР Президенті Әкімшілігі басқармасы Медициналық орталығына көмек көрсетті. Жұмыс нәтижесінде 60-тан астам Латвияның, Литваның, Грекияның, Хорватияның және Үндістанның жоғары санатты дәрігерлерінің кандидатураларына ұсыныстар жіберілді», - деді Қайрат Әбдірахманов.