Білім басқармалары карантин кезінде компьютер алуға бөлінген 15 млн теңгені қалтаға басқан

0
733

Қазақстан коронавируспен күреске бір млрд доллардан аса қаражат бөлді.


Білім басқармалары карантин кезінде компьютер алуға бөлінген 15 млн теңгені қалтаға басқан

ERNUR.KZ. Карантин кезінде білім басқармалары қажетсіз, лицензиялық бағдарламасы жоқ компьютерлерді сатып алған деп жазады Azattyq Rýhy.

Мектеп оқушыларын, әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балаларын оқуға қажетті құрал-жабдықпен қамтиды деп сенген тұлғалар бөлінген қаржыны қалтаға басқан.

«Қажетті лицензиялық бағдарламасы жоқ компьютерлерді сатып алған. Балалар оны қолданып, сабақ оқи алмады. Бұл оқу процесін тоқтатуға себеп болды. Жалпы карантин кезінде білім саласында 13 қылмыс тіркелді. Мемлекетке 15 млн теңге шығын әкелді. 11 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Оның ішінде 5 өңірдің басқарма басшылары бар. Мысалы, Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Алиакпарова 11 мың компютерді сатып алу кезінде мемлекетке шығын әкелді. Оның жалпы көлемі 710 млн теңге», ˗ деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Анықтау және жолын кесу қызметінің аса маңызды істер бойынша офицері, Дархан Ельтоков.

Қазақстан коронавируспен күреске бір млрд доллардан аса қаражат бөлді. Билік республикалық бюджеттен 326 млрд теңге (шамамен 785 миллион доллар), одан кейін тағы 145 млрд теңге (349 млн доллар) бөлгенін мәлімдеді. Оның ішінде Білім және ғылым министрлігіне 71 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат қашықтан оқытуды ұйымдастыруға және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына компьютерлік техника сатып алуға жұмсалуы тиіс еді.