«Білім беру саласының құрметті педагогіне» 1 млн теңгеден көп сыйақы беріледі

0
784

Қарағанды облысының үздік педагогтеріне 400 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді.


«Білім беру саласының құрметті педагогіне» 1 млн теңгеден көп сыйақы беріледі

ERNUR.KZ. Биыл Қарағанды облысының мұғалімдері алғаш рет кәсіби мерекесінде құрмет төс белгілері мен ірі ақшалай сыйақы алады. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен тамыз отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

«Биылғы жылы облысымыздағы мұғалім мамандығының беделін көтеру үшін «Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогі» төс белгісі жарияланды. Бұл марапат үздік педагогтерге тапсырылады. Оның иегерлеріне 400 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді – бұл бір миллионнан астам теңге. Бұл марапаттың бірінші иегерлерін сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күніне орай анықтаймыз», – деді облыс әкімі.