Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосу ісі қыркүйекке шегерілді

0
371

Күзде білім беру ұйымдары онлайн-платформа қолдана алады, дейді Білім және ғылым вице-министрі.


Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосу ісі қыркүйекке шегерілді

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылына дейін Білім берудің бірыңғай онлайн-платформасын іске қосуға уәде берді, деп жазады zakon.kz.

Қазір жұмыс жүріп жатыр. Жаңа оқу жылының басында ол аяқталады, сол кезде білім беру ұйымдары оны қолдана алады, - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында толыққанды білім беру үдерісіне қажетті барлық функциялардан тұратын онлайн-платформа әзірлеуді тапсырған болатын.

2021 жылы наурызда премьер-министр Асқар Мамин сенатор Ольга Перепечинаның парламенттік сауалына жауап бере отырып, платформа сәуір айында іске қосылатынын мәлімдеді, бірақ оқу жылы аяқталғанда да платформа іске қосылмады.