Білім министрі 10 қаңтарға дейін мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды

0
2 188

​"Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді" - Асхат Аймағамбетов.


Білім министрі 10 қаңтарға дейін мұғалімдердің жалақысын көтеруді тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30%-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің Facebook-тегі парақшасында сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді.

Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді.
Бұл шешімнің нақты негіздері бар"
, - дейді министр.

Министр жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргізгендігін, соның нәтижесінде еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсеткенін жазған.

"Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады.
Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс.
Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз.
Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктердің шеңберінде"
, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Министр жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылатынын атап өтті.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет