Білім министрі Аймағамбетов оқулықтан қате тапты

0
1 017

Ведомство басшысы оқулықтардың сапасына байланысты көп халық наразы екенін айтты.


Білім министрі Аймағамбетов оқулықтан қате тапты

ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов оқулық сапасын арттыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Жыл сайын оқулықтардың сапасына сын айтылып келеді. Ол сынның көбі орынды екенін мойындауымыз керек. Оны әріптің қате басылуы десек те, техникалық қателік десек те, қоғам ондай ақталуды қабылдамайды. Оқулық дайындау біздің міндет болғандықтан, оның сапасын да біз қамтамасыз етуіміз керек», - деді Асхат Аймағамбетов

Ведомство басшысы оқулықтардың мазмұнымен арнайы танысып шыққанын да айтты.

«Оқулық басу жұмысы соңына жетіп қалды. Оны өңірлерге жөнелту жұмысы да басталып кетті. Қазір барлық оқулықтың 40 пайызы өңірлерге жеткізілді. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, бұл жұмысты тезірек аяқтау міндеті тұр. Мен оқулықтарды қарап, бірнеше қате таптым. Ең бастысы, мұндай қателіктерге көз жұмып қарауға болмайды. Жалпы білім және ғылым министрлігі үлкен жұмыс атқарды. Бірқатар мәселелер шешімін де тауып жатыр. Дегенмен, бүгін оқулық бойынша біз проблема бар екенін ашық айтып отырмыз», - деді ол кеңесте.

Дереккөз: ҚР БҒМ Баспасөз қызметі