Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды

0
986

Жаңа өзгеріс жоғары оқу орындарында келесі жылдан бастап енгізіледі.


Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды

ERNUR.KZ. Келесі оқу жылынан бастап колледж тәмамдаған студенттер жоғары оқу орнын 2-3 жыл ішінде бітіре алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін бірқатар отандық БАҚ-та жоғары оқу орындарында оқу мерзімі қысқарады деген ақпарат тараған болатын.

"Ол тек колледж бітіргендерге ғана арналған. Жоғары оқу орындары колледждердің оқу бағдарламаларының кредиттерін есепке алса, енді төрт жыл оқымай, екі-үш жыл ішінде бітіруге болады", — деді министр үкімет кулуарында.

Сағадиев жаңа өзгеріс 2019 жылы, жаңа оқу жылында күшіне енетінін атап өтті.

"Қазір құжаттарды бекітіп, біртіндеп енгізетін боламыз", — деді ол.