Білім министрі қамақтағы Суханбердиева туралы ештеңе айта алмады

0
946

Біз көпшілік алдында ешқандай түсініктеме бере алмаймыз.


Білім министрі қамақтағы Суханбердиева туралы ештеңе айта алмады

ERNUR.KZ. Тергеу аяқталғанға дейін білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға қатысты бұқараға арналған мәлімдеме жасалмайды. Бұл туралы үкіметте ҚР БҒМ басшысы Күләш Шәмшидинова айтты, деп жазады Zakon.kz.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін мен ештеңе айта алмаймын, өйткені ол тергеуге қысым жасау деп қабылдануы мүмкін. Сондықтан біз ешқандай түсініктеме бермейміз, – деді Шәмшидинова.

Ол вице-министрдің қамауға алынуы мен Ұлттық тестілеу орталығы ісі арасындағы байланыс туралы да еш ақпарат бере алмады.

Баспасөзде жарияланған ақпараттарды ғана білемін. Бұл туралы басқа ештеңе айтылмады. Тергеу жүріп жатқандықтан біз әзірге ештеңе білмейміз, – деп қосты ол.

6 маусымда ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева екі айға қамауға алынған болатын.