Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты

0
10 680

Мұғалімдердің жалақысы 180 908 теңгені құрайтын болады.


Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ведомство басшысы мектеп-гимназияда педагогикалық құраммен кездесті. Сондай-ақ оған IT және робототехника сыныптарындағы оқушылардың жұмысы таныстырылды», - делінген баспасөз ақпаратында.

Былтыр Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп іске қосылды. Жалпы, қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді, онда 30579 оқушы білім алады. К.Шәмшидинова атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% артады.

Осылайша, жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады. Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.