Бір апта бойы үйінді астында жатқан өскемендік қария аман қалды

0
523

Жер үйдің төбесі опырылып түсіп, 71 жастағы зейнеткер үйіндінің астында қалған.


Бір апта бойы үйінді астында жатқан өскемендік қария аман қалды

Өскемен тұрғыны опырылған үйдің үйіндісінің астында бір апта жатып, ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 22 қараша күні құтқарушыларға қоңырау шалған ер адам көршісінің талай күннен бері үйден шықпай кеткенін айтқан. Хабар алысымен оқиға орнына жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келіпті.

"Жер үйдің төбесі опырылып түсіп, 71 жастағы зейнеткер үйіндінің астында қалған. Бұл жағдайда, жәбірленушінің айтуынша, ол шамамен бір апта болыпты. Ер адамды зембілге абайлап салып, құтқарушылар оны үйден шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Дәрігерлердің қарауынан кейін зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды", - делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.