Бір аптада екі рет: Ақтауда итбалық ер адамға шабуыл жасап, тістеп тастаған

0
206

Оқиға Rixos Water World Aktau қонақүйінің маңында болған.


Бір аптада екі рет: Ақтауда итбалық ер адамға шабуыл жасап, тістеп тастаған

ERNUR.KZ. Ақтауда ер адам Каспий жағалауында демалып жүрген кезде итбалықтың шабуылдағанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Сөзінше, достарымен демалып жүргенде итбалықтың алыста жүзіп жүргенін көрген.

"Сосын жарты сағаттай шомылдық. Барлығы судан шықты, ал мен жалғыз қалдым. Сол сәтте күтпеген жерден итбалық шабуылдады. Барлығы итбалықтарды сүйкімді жануар деп ойлайды. Бірақ олай емес, олар да жыртқыш және теңізде өз құрбандарын іздейді. Егер достарым болмағанда ол мені жеп қояр еді", – деді Нұрлан Наурызбеков.

Оқиға Rixos Water World Aktau қонақүйінің маңында болған.

Еске салайық, Ақтауда 14-ші шағын ауданда балалар суға түсіп жатқан жағалауға жақын жерде кішкентай итбалық балаларға шабуыл жасап, қыздардың бірінің қолынан, екіншісінің иығы мен арқасынан тістеп алған еді.