“Бір соғым менен”: Мәжілісте параны сөзбен ұсынғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі талқыланды

0
991

Жалпы пара алу, пара беру қылмыс екенін бәріміз білеміз.


“Бір соғым менен”: Мәжілісте параны сөзбен ұсынғандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі талқыланды

ERNUR.KZ. Бұл туралы мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Мұндай ұсынысты мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев айтты, деп жазады stan.kz.

Депутат жазған ақпаратқа сәйкес, Дархан Құрақбаев мәжілісте өткен “Параны сұрау мен параны ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу туралы” тақырыбындағы дөңгелек үстелде параны сөзбен ұсынғанда, қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

“Жалпы пара алу, пара беру қылмыс екенін бәріміз білеміз. Енді параны сөзбен ұсыну да қылмыс болмақ. Мәжіліске осындай ұсыныс түсіп жатыр. Заңгерлер мен адвокаттар, прокурорлар мен соттар жиналды. Әр түрлі ой айтылды. Бұл заң қабылданса, “рақметіңді айтамын”, “осы мәселені шешсең, ренжітпеймін”, “бір соғым менен”, “көмектесші, сені де ұмытпаймыз ғой!” деген сөздер үшін сотталып кетуге болады. Демек қылмысты әлі жасамасаңыз да, тек қылмысқа ынтаңыз бен зауқыңызды сөзбен айтсаңыз, сізге қылмыстық іс қозғауға болады. Кейбір адвокаттар бұл заңға қарсы шықты. “Адамның сөзі – ол жәй ғана сөз. Пара алса, қылмыс, параны ұсынса, қылмыс емес!” деді адвокаттар тобы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен прокуратураның пікірі басқаша. Заңды шығаратын депутаттар ойланып отыр. Мен де ойланып қалдым. Бір жағынан агенттік өкілдерінің сөзі дұрыс, ал бір жағынан адвокаттардың сөзінде де жан бар”, – деп жазды депутат.