Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға келген 43 жолаушыдан коронавирус анықталмады

0
624

43 жолаушы полиция, санитария мамандарының қадағалауымен алдағы 1-2 күннің ішінде үйлеріне жеткізіледі.


Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға келген 43 жолаушыдан коронавирус анықталмады

ERNUR.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға ұшып келген 43 жолаушыдан коронавирус індетіне алынған сынама теріс нәтиже көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Талдықорғандағы «Меруерт» қонақ үйіне орналастырылған 43 адамның барлығының коронавирусқа алынған сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Ертең не болмаса келесі күні олар біздің қаладан қайтады», - дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Нұр Қанатұлы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 11 сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінен Талдықорғанға 135 жолаушысы бар ұшақ түнгі сағат 21:30-дар шамасында ұшып келді. Олар Талдықорған қаласындағы «Меруерт» қонақ үйі мен Текелідегі шипажайға орналастырылған.

Барлығының денсаулығы тексеріліп жатыр.

Нұр Қанатұлының тілшімізге берген ақпаратына сәйкес, 43 жолаушы полиция, санитария мамандарының қадағалауымен алдағы 1-2 күннің ішінде үйлеріне жеткізіледі.