Ертеңнен бастап Каспий теңізінде суда жүзу маусымы басталады

0
1 792

2018 жылғы статистикаға сүйенсек, Каспий теңізі айдындарында 10 адам қаза болып, 22 адам құтқарылған. Ал, 6 зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген.


Ертеңнен бастап Каспий теңізінде суда жүзу маусымы басталады

ERNUR.KZ. Талдау нәтижелері көрсеткендей барлық төтенше жағдайлар қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болып отыр. Мәселен, рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, қауіпсіздік ережесін бұзу, сондай-ақ балалардың қараусыз қалуы және ересектердің ішімдік ішкен күйде суға түсуі болып табылады, деп жазады egemen.kz.

- Маусым айының бірінен суда жүзу маусымы басталады. Осы орайда жедел құтқару шаралары да бірінші кезекте атқарылуы керек. «Суда құтқару станциясын» салу туралы ұсынысымыз бар. Қазіргі таңда жобаға қаражат бөлу жағы қарастырылып жатыр. Бастысы, халықтың қауіпсіздігі ғой, қолдау табады деген үміттемін, деді өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Куанар Бекенұлы.

Облыс аумағында Каспий теңізі маңында жазғы демалыска арналған 30 бөлімше бар. Оған Актау қаласы және «Кендірлі» демалыс аймағындағы базалар, жағажай аймақтары, балалар лагерлері кіреді. Алдағы уақытта өңірде теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін МО төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының 4 құтқару бөлімшесі жұмыс жасайды. Олар Ақтау қаласы, Кендірлі демалыс базасында, Түпқараған ауданы және Құрық селосында орналасқан.