Бірқатар Елші тағайындалды

0
1 073

Шет елдерге бірқатар Елші тағайындалды.


Бірқатар Елші тағайындалды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.