Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды

0
438

Комиссияның атап өтуінше, қазіргі уақытта жекешелендіру, мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына иеліктен шығару туралы 8 мыңға жуық Үкімет актілерін және сот шешімдерін прокуратура органдары зерделеп жатыр.


Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Бірқатар компанияның 200 млрд теңге активі мемлекетке қайтарылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Монополиясыздандыру аясында «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) тәрізді және басқа да компаниялардың ақшалай қаражаты мен акциялары мемлекетке берілді. Осы активтердің алдын ала сомасы – шамамен 200 млрд теңге», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.

Комиссияның атап өтуінше, қазіргі уақытта жекешелендіру, мемлекеттік активтерді олигополиялардың пайдасына иеліктен шығару туралы 8 мыңға жуық Үкімет актілерін және сот шешімдерін прокуратура органдары зерделеп жатыр. Олардың кейбіреулері бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданды және нақты нәтижелері де бар.