Бірқатар судья қызметінен айырылды: Қазақстанда 14 сот таратылды

0
781

Мемлекет басшысы сот жүйесінде кадрлық өзгерістер жасады.


Бірқатар судья қызметінен айырылды: Қазақстанда 14 сот таратылды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарды тарату туралы» жарлыққа қол қойды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Осылайша, барлығы 14 сот таратылды:

  • Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты;
  • Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының №2 аудандық соты;
  • Қарағанды облысы Абай ауданының №2 аудандық соты;
  • Қостанай облысы Қарасу ауданының №2 аудандық соты;
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
  • Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
  • Павлодар облысының Павлодар аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының №2 аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №2 аудандық соты;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №3 аудандық соты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының №2 аудандық соты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының №2 аудандық соты;
  • Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының №2 аудандық соты.

Сондай-ақ осы қаулы арқылы бірқатар судья қызметке тағайындалып, бірқатары қызметінен босатылды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Құжатта соттың жаңа басшысын тағайындау туралы мәлімет жоқ.