Біртанов ел ішінен коронавирус шыққан жағдайда не істейтіндерін айтты

0
308

Ол биыл қаңтар айынан бастап мемлекеттік органдар күшейтілген үш кезеңді еңсергенін айтты.


Біртанов ел ішінен коронавирус шыққан жағдайда не істейтіндерін айтты

ERNUR.KZ. Коронавирустан үрейленудің қажеті жоқ, өйткені бұл бәрін сұлатып түсіретін оба немесе індет емес, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистермен болған кездесінуде, деп жазады zakon.kz.

Жоққа шығармаймын, елімізге сырттан енуі мүмкін. Қазақстан шалғайда жатқан қандай да бір арал емес. Сондықтан біздің міндетіміз - қол жайып қарап отыру емес, болуы ықтимал жағдайларға нақты дайындалу. Үкіметке барлық шараларды қабылдау тапсырылды. Біз бұл шараларды атқарып, арасында түзетулер жайлы жариялап отырамыз. Қазір жағдай өте тез өзгеруде. Бірақ, ең бастысы, үрейленбеу керек, бұл - бәрін бірдей жапырып өтетін індет емес. Бұл - өте тез жұғып, бүкіл әлемге тарап жатқан инфекция. Адам ауыруы мүмкін, бірақ бұл оның міндетті түрде одан өледі дегенді білдірмейді. Әрине, өкінішке орай, көз жұмғандар бар. Бірақ тіркелген өлім жағдайының көлемі аз, - деді Біртанов.

Ол бұл мәселедегі басты міндет оның сырттан келуіне жол бермеу, сөйтіп елге тараудың алдын алу. Оның айтуынша, биыл қаңтар айынан бастап мемлекеттік органдар күшейтілген үш кезеңді еңсерген: 6 қаңтардан бастап Қазақстан-Қытай шекарасы, 1 ақпаннан бастап Қазақстанның бүкіл шекарасы бақылауға алынды, ал 20 ақпаннан бастап қауіпті елдердің тізімі кеңейтілді.

Министр өткізу пункттерінде адамдар тексеріліп жатқанын, мәліметтер базасы барын және санитарлық дәрігерлер әр адамды қарап, тексеріп жатқанын еске салды.

Жылу түсіргіш құрылғыдан сирек өткізіледі, бұл сондай үлкен проблема емес. Біз сырттан адам келген біліп, бұл ақпаратты жергілікті ауруханаға жеткіземіз, сол арадағы дәрігер ол адамдарды тұрақты бақылауына алады, онда да телефон арқылы. Ал шетелден келген адамдар далаға шықпай үй жағдайында карантинде болуы тиіс. Бүкіл өңір бізге күнде бұл бойынша есеп беред, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Осы уақыт аралығында, оның айтуынша, Қытайдан келген 24 мыңға жуық адам мониторингке алынған, олардың көпшілігі қазір бақылаудан алынды.

14 күн өтеді, ешқандай ауру белгілері байқалмағандықтан оларды тізімнен алып тастаймыз. Бізде Қытайдан келген 185 адам бар, олар карантинде. 1 наурыздан бастап біздің тізіміміз кеңеюде. Бұл Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапония сияқты елдер. Тағы да айтайын, біз олардың барлығын ауруханаға орналастыруды жоспарламаймыз. Қандай да бір белгілері бар және қауіпі жоғары адамдар ғана оқшауланады. Қалғандары үй жағдайында бақыланады. Адамдар үйінде 14 күн болуы керек. Ешкімге хабарласпауы тиіс. Себебі, мысалы, егер 10-шы күні одан ауру белгілері байқалса, онда ол кіммен байланыста болды, барлығын іздеп тауып, оқшаулайтын боламыз. Одан кейін де Қытай қазір не істеп жатыр, сол шараларды да біз қолданамыз.Мен мұндай жағдайға жетпейміз деп қатты үміттенемін, бірақ бізде нақты сценарий бар, - деп сөзін қорытындылады Елжан Біртанов.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет