​Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді

0
2 030

Барлық бірдей медицина қызметкеріне жалақысы өспейді.


​Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтып берді, деп жазады Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау туралы заң жобасын талқылау барысында Біртанов медициналық қызметкерлердің жалақысы жайлы сөз қозғады.

"Кадрлар мәселесіне келетін болсақ, халықтың көші-қоны трендке айналғандықтан, бізде кадрлар аудандардан облыстарға, тіпті басқа елдерге ауысып жатады. Мұнда бірақ біреуді мәжбүрлеп жұмыс істете алмайсың. Ал біздің ең басты кемшілігіміз – жалақы деңгейі. Сондықтан жалақыны кезең-кезеңмен өсіру қажет. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мәселесі бізде бірінші кезекте тұрғандықтан, келесі жылдан бастап осы салада жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің және науқастарды қараудың жаңа әдістеріне көшкен қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға өсіруді жоспарлап отырмыз. Яғни, барлық бірдей медицина қызметкеріне жалақысы өспейді, осы салада және жақсы жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өседі", - деді министр депутаттарға.