Бишімбаев соты: Тараптар жаза тағайындау үшін кеңесу бөлмесіне кетті

0
148

Тікелей эфир тоқтатылып, БАҚ өкілдері сот отырысынан шығарылды.


Бишімбаев соты: Тараптар жаза тағайындау үшін кеңесу бөлмесіне кетті

ERNUR.KZ. Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын, деп жазады stan.kz.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында 10 мамыр күні прокурорлар соттан жаза тағайындауды сұрайды. Осыдан кейін алқабилерге сұрақ қойылады. Қазір тараптар кеңесу бөлмесіне кетті. Тікелей эфир тоқтатылып, БАҚ өкілдері сот отырысынан шығарылды.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Қазір олардың сот отырысы ашық түрде өтіп жатыр.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.