Биыл 11 айда бюджеттің 66 млрд теңгесі игерілмей қалған

0
610

Қаржы министрі бюджетті игермеген әкімдер мен министрлерді атады.


Биыл 11 айда бюджеттің 66 млрд теңгесі игерілмей қалған

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет бойынша игерілмеген қаражат көлемі – 66 млрд теңге екенін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Республикалық бюджет бойынша шығыстар 13 трлн теңгені құрады. Атқарылмау 81 млрд теңге, оның ішінде 15 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 66 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы және ішкi iстер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін ақы төлеу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу сынды мәселелер туындап отыр», - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Қаражат игермеу жергілікті бюджетте де туындап отырған мәселе. Оның шығысы 8 трлн теңге. Одан бөлек, 327 млрд теңгеге атқарылмаған. Қаражат игермеген қалалардың ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары еніп отыр.