Биыл 3 ұлттық компания ІРО-ға шығарылады

0
1 057

​ Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Биыл 3 ұлттық компания ІРО-ға шығарылады

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 ұлттық ірі компанияны жекешелендіруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Олардың 3-уі IPO/SPO ықтимал мәмілелеріне дайындалуда. Атап айтқанда, 2018 жылдың 1-жартыжылдығының соңына дейін Қазақтелекомның акцияларын орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда. Сондай-ақ Қазатомөнеркәсіп пен Эйр Астананың акцияларын 2018 жылдың 4 тоқсанына қарай IPO-ға шығару жоспарлануда. Бұл ретте орналастырулардың түпкілікті мерзімі компаниялардың қаржылық жағдайы, макроэкономикалық ахуал, шикізаттың әлемдік бағалары ескеріле отырып белгіленетін болады», - деді Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, ҚазМұнайГаз, Самұрық-Энерго, Қазпошта және ҚТЖ компанияларына қатысты 2019-2020 жылдары жүргізу жоспарланып отырған ықтимал IPO/SPO-ның түйінді параметрлерін айқындау жұмыстары жүргізілуде. «Еліміздің акционерлік капиталының ішкі нарығын дамыту және оның өтімділігін қамтамасыз ету - IPO мақсаттарының бірі. Сондықтан ұлттық компаниялардың акцияларын «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында орналастыру басым нұсқа болып табылады.Бұл ретте депозитариялық қолхаттар (GDR) түрінде шетелдік алаңдарда бір мезгілде листинг жүргізу нұсқасы қаралуда. Бұл қосымша өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар арасында акциялардың тартымдылығын жоғарылатады», - деді министр.