Биыл бала туу көрсеткіші былтырғыдан 11 пайызға аз

0
450

Биыл қаңтар-шілдеде 227,9 мың нәресте дүниеге келсе, ал былтыр 256 мың бала дүние есігін ашқан.


Биыл бала туу көрсеткіші былтырғыдан 11 пайызға аз

ERNUR.KZ. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-шілдемен (162,7 мың адам) салыстырғанда 9% кеміп, 148,1 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,99 адам болды, деп жазады inbusiness.kz.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 227,9 мың сәби дүниеге келгені белгілі болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге (256 мың адам) қарағанда 11% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,99 туғандарды құрады.

Аталған кезеңде 79,8 мың адам қайтыс болған. Бұл 2021 жылғы қаңтар-шілдеге (93,3 мың адам) қарағанда 14,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,00 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі 1 914 нәресте шетінеді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2006 шетінеген нәресте) көрсеткіш 4,6% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,40 оқиғаны құрады.