Биыл елімізде 11 млн тонна бидай жиналды

0
672

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау аяқталу сатысында.


Биыл елімізде 11 млн тонна бидай жиналды

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп жазады baq.kz.

Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын алаң – 24,0 млн гектар. (бұл 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға көп). Оның ішінде астық жиналатын алаң - 17,1 млн гектар. Биыл егін жинау науқанына шамамен 150,0 мың бірлік трактор, 39,0 мың астық жинайтын комбайн, 14,0 мың орақ және 140,0 мың бірлік басқа техника қатысты, – деді ол.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде астық жинау аяқталу сатысында.

Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га бастапқы салмақта 16,4 млн тонна астық бастырылды, оның 11,4 млн тоннасы бидай (өнімділік 8,6 ц/га).

Егер дақылдар бөлінісінде қарасақ, бидай жиналатын алаң 13,4 млн гектар, өнімділігі 8,6 ц/га, 11,4 млн тонна бастырылды. Майлы дақылдар 1,9 млн гектар немесе 68%. Орташа өнімділігі 8,4 ц/га болғанда 1,6 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның ішінде күнбағыс орташа өнімділігі 11,6 ц/га болып, 747,5 мың тонна бастырылды. Картоп 168,8 мың га аумақтан толығымен алынып тасталды, жалпы алым өнімділігі 206,4 ц/га болып, 3,5 млн тоннаға жетті, – деді Сапаров.