Биыл Қазақстан 5,7 трлн теңге қарыз алады

0
635

Үкімет басшысы бұл бағыттағы қарыздың негізгі бөлігі теңгемен және ішкі нарықтан алынуы керектігін ескертті.


Биыл Қазақстан 5,7 трлн теңге қарыз алады

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде бюджет тапшылығын жоюға алынатын қарызды қандай көздерден тарту қажеттігін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бюджет тапшылығын жабу мен мемлекеттік қарызға қызмет көрсету үшін қаражат тарту да маңызды мәселе. Биыл бюджет тапшылығының ЖІӨ-ге қатынасы 2,7% немесе 3,2 трлн теңге болды. Бұрын тартылған қарыздарды өтеу қажеттілігін ескерсек, қарыз алу қажеттілігі 5,7 трлн теңгені құрайды. Бұл қомақты сома», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы бұл бағыттағы қарыздың негізгі бөлігі теңгемен және ішкі нарықтан алынуы керектігін ескертті.

«Тапшылықты негізінен ұлттық валютадағы Ішкі қарыз алу арқылы қаржыландыру қажет. Осылайша біз валюталық тәуекелдерді теңестіреміз және ішкі нарықты дамытамыз. Осыған қарамастан, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қаражат тартудың барлық әлеуетін, оның ішінде сыртқы нарықтарға шығуды пайдалану қажет. Осы бағыттағы жұмыс бюджетті атқару кезінде кассалық алшақтықтар болмайтындай, ал барлық борыштық индикаторлар қауіпсіз деңгейде болатындай етіп құрылуы тиіс», - деді Премьер-Министр.