Биыл Маңғыстау облысында ірі жел электр станциясы пайдалануға беріледі

0
1 324

Аталған жобаға 8 миллиард теңге инвестиция салынды.


Биыл Маңғыстау облысында ірі жел электр станциясы пайдалануға беріледі

ERNUR.KZ. Осы жазда Маңғыстау облысында ірі жел электр станциясы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа кешен Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Қуаты 43,6 МВт болатын станция 24 жел генераторынан тұрады. Жобаға 8 миллиард теңге инвестиция салынды. Жаңа кешен іске қосылған соң өңірдегі электр қуатына деген қажеттілікті толық өтейтін болады. Қазір бұл қалада тағы бір ірі жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр. 42 МВт-тық кешенді жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Жалпы аймақта сарқылмайтын әрі қоршаған ортаға зиянсыз баламалы қуат көздерін дамытуға айрықша ден қойылып жатыр. Алдағы уақытта жалпы қуаты 85 МВт болатын тағы 3 жоба іске асады.

"Бұл бағытта жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Қазір энергетика министрлігінде үлкен зерттеу жұмыстарын жасады. Жақын арада біздерде Бейнеу ауданындағы Бейнеу ауылында, Қарақия ауданы, Жетібай ауылында, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында жел электр станциялары және күн электр станцияларын салуды жоспарлап отырымз. Бұл жалпы 15-10 МВт-тық станциялар", - дейді облыстық энергетика және ткш басқармасының басшысы Жандос Салимов.