Биыл техникалық мамандықтарға қанша грант бөлінетіні белгілі болды

0
400

2022-2023 оқу жылында мемлекеттік білім тапсырысының көлемі 88 мыңнан асып түспек.


Биыл техникалық мамандықтарға қанша грант бөлінетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

«Бакалавриатқа - 73 мың, магистратураға - 33 мыңнан астам және докторантураға - 1890 грант бөлінеді. Биыл 42 мыңнан астам мемлекеттік грант немесе 60 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталады. Сонымен қатар 10 мың грант Атырау мен Маңғыстау облыстарының тығыз орналасқан елдімекендерінің жастарына қарастырылып отыр. Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша 3653 грант бөлінді. Одан бөлек, 490 грант шетел азаматтарына беріледі. Оның ішінде 150 грант Орталық Азия елдерінің азаматтарына арналады және 100 грант Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің түлектеріне қаралған», - деді ол.