Биыл жол бойында қызмет көрсететін 78 нысан іске қосылады

0
373

​Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты.


Биыл жол бойында қызмет көрсететін 78 нысан іске қосылады

ERNUR.KZ. Жыл аяғына қарай ұлттық стандарт талаптарына сай келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының үлесін 82%-ға дейін жеткізу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір жұмыс істеп тұрған жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына басымдық беріп отырмыз. Биыл 78 қызмет көрсету орнын іске қосу көзделген. Оның ішінде 53-і жеке инвестицияларды тарту есебінен және жаңғырту мен жөндеу шеңберінде 25 санитарлық-гигиеналық торап қойылады", - деді спикер.

Бүгінде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында 1634 нысанның қызметі жолға қойылған. Оның 74%-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.