Биылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғыдан 24%-ға жоғары

0
589

Арпаның құны 74 пайызға шарықтап шыға келген.


Биылғы жарияланған астықты сатып алу бағасы 2020 жылғыдан 24%-ға жоғары

ERNUR.KZ. Биыл егін бітік шықпай қалуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Осылай деп дабыл қаққан егіншілер Ауыл шаруашылығы министрлігінің өтірігін әшкерлеп берді. 1 айдай міндетін атқарып, күні кеше ғана министр атанған Қарашөкеевтің жоспарына шөпшілердің мүлде сенгісі жоқ.

Олар «биыл қамбаға дәнді-дақылдардың жоспарланған 14 млн тоннасының орнына 9 миллионы ғана құйылады»,- дейді.

Құрғақшылық жиын-терімнің жиналуына да, оның бағасына да теріс әсер етуде. Мысалы, арпаның құны 74 пайызға шарықтап шыға келген.