"Бізді бақылайды": Елді шулатқан паспорттағы чип туралы министрлік жауап берді

0
414

Тараған бейнежазбада тұрғын төлқұжаттың артқы бетіне жабыстырылған қағазын ашып көрсетеді.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде төлқұжаттың артқы бетіне жасырылып, жабыстырылған "чип" көпшілікке күмән тудырған. Чип шетелге шыққан Қазақстан азаматтарының жүріс-тұрысын бақылауға арналған деген ақпарат тарады. Желі қолданушылары мұны ел тұрғындарының құқығын шектеу деп талқыға салды, деп жазады exk.kz.

Тараған бейнежазбада тұрғын төлқұжаттың артқы бетіне жабыстырылған қағазын ашып көрсетеді. Онда кішкентай ғана "чип" тұрғаны көрінеді.

"Міне қазақстандық паспорт. Енді, мынаны қараңыздар. Қазақстандықтар бақылауда жүреді. Бізді бақылап отырады", дейді бейнежазба авторы.


Алайда бұған қатысты министрліктегілер түсініктеме берді. Олардың айтуынша электронды төлқұжат бірқатар елдерде бар.

"Қазақстанда төлқұжаттар мен микросхемасы бар жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Ондағы чип азамат туралы жеке деректерді сақтауға арналған және жеке тұлғаны анықтауға мүмкіндік береді. Чипі бар төлқұжат Қазақстан азаматтарының электронды жүйелері арқылы шекара бекетінен өтуін және паспорт-визалық бақылауды жеңілдету үшін енгізілген", — деді министрліктің өкілі.