"Бізді осылай улап жатыр": Қазақстанның тұзы ресейліктерді шошытты

0
86

"Бұл тастар емес, астраханит деп аталатын табиғи минерал", - дейді компания өкілі.


ERNUR.KZ. Қазақстандық тұз өндіруші компания дау астында қалды. Тұздың ресейлік сатып алушылары оның ішінен әйнек тауып алғанын айтып, видео түсіріп, желіні дүрліктірді, деп жазады Stan.kz.

Ресей азаматтары әлеуметтік желіге тұз арасынан әйнек тауып алғанын жазып, қазақстандық өнімді сатып алмауға шақырды.

"Ерімейді. Аппақ нәрсеннің не екенін білмеймін, түсініксіз", — дейді бір видео авторы. "Әйнек қана қалды. Мәссаған. Бізді осылай улап жатыр", — деді тағы да бір ресейлік.

Дүкен сөрелері біздің елімізде жасалған тұзды алып тастады. Көрші елде жергілікті халықтың арасында пайда болған дау тұз шығарушы компанияның назарынан тыс қалмады.

"Бірде бір бөлшек, әсіресе әйнек арасына кіріп кете алмайды. Ерімейтін қалдығы бар, басқа артық ешнәрсе жоқ. Негізінде бұл табиғи минералдар, олар әрқашан болды. Қара минералдар — астраханиттер, ақшыл минералдар — эпсомиттер", — деді "Аралтұз" АҚ бизнес-процесстерді басқару және әкімшілік басқармасының жетекшісі Татьяна Козырева.

Компания басшылығы Қазақстанда шығатын тұздың Ресейдегі тұздан еш ерекшеленбейтінін, әйнек туралы бос сөзді бәсекелестері әдей шығарғанын алға тартты.

"Бұл тастар емес, астраханит деп аталатын табиғи минерал. Ешқандай кесірі жоқ. Керісінше, пайдалы деуге болады", — деді Козырева.

Ресейде тұздың құрамын тексеру жұмыстары басталып кетті. Қазақстандық компания оның сапасы жақсы екенін дәлелдемек.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет