Біздің елде адамның бет-әлпетін "танитын" камералар жоқ - ІІМ

0
400

Оның айтуынша, бұл жоба талқылануда


Біздің елде адамның бет-әлпетін

ERNUR.KZ. Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов адамның бет-әлпеті мен биометриялық деректерін танитын камераларды енгізу туралы сұраққа жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бұл жоба талқылануда. Ол бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Дегенмен "Алматы-2025" даму бағдарламасында адамның бет-әлпетін танитын функциясы бар құрылғыларды енгізу қажеттігі жазылған.


"Қазір аналитикалық мүмкіндіктері бар камералар бүкіл әлемде енгізіліп жатыр. Бұлар бет-әлпетті немесе биометриялық мүмкіндіктерді тануға ғана қолданылмайды. Әр түрлі шулы жағдайларда шешім шығаруға көмектеседі. Мысалы, қызыл түсті toyota camry іздеуде болса, онда камера осындай машиналарды анықтауға мүмкіндік береді. Ал биометриялық мәліметтерді анықтау мәселесіне келетін болсақ, ол жұмыс тек бастапқы талқылау сатысында. Әзірге мұндай жобалар ішкі істер органдары жүйесіне енгізілмейді", - деп түсіндірді Сәкен Сәрсенов.


Министрдің орынбасары, ең алдымен, бұл шара қылмыскерлерді тез табу үшін қажет екенін айтты. Ол мұндай технологияларды қазір Ұлыбритания, АҚШ және Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдердің полицейлері белсенді қолданып жатқанын атап өтті.