Бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін 1,2 млн теңге беріледі: оны кімдер алады

0
468

​Бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 950 грант бөлінеді.


Бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін 1,2 млн теңге беріледі: оны кімдер алады

ERNUR.KZ. Алматыда бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталды. Грантқа 29 жасқа дейінгі жастар мен халықтың әлеуметтік әлжуаз тобының өкілдері үміткер бола алады, деп жазады sputnik.kz.

Грант сомасы – 400 АЕК немесе 1 225 200 теңге.
Гранттар кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында беріледі.
"Шағын және орта бизнес – қала экономикасында жетекші орынға ие, жұмыс істейтін 10 алматылықтың 6-уы осы салада істейді. Биылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша аралығында қабылданады, нақты мерзімі мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз", - деп мәлімдеді Алматы қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.
Өтінім 1 сәуірден бастап business.enbek.kz порталы арқылы қабылданып жатыр. Өтінімді қарау мерзімі – 10 жұмыс күні.
Грант алу үшін мыналар қажет:
жұмыссыз ретінде тіркелу немесе мерзімі бір жылдан аспайтын жеке кәсіпкерлігі болуы керек;
Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркеу қажет;
business.enbek.kz порталында тіркелу;
бизнес-жоспар.
Гранттарды комиссия шешімі негізінде Халықты жұмыспен қамту орталығы береді. Комиссия мүшелері бизнес-жоспарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі;
өткізу нарықтарының пысықталуы;
бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі;
кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;
жаңа жұмыс орындарын ашу.