БҚО-да 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап мерт болды

0
691

Үйде қараусыз қалған 2014 жылғы бала терезеден құлап кеткен.


БҚО-да 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында бес жасар бала үшінші қабаттан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ktk.kz.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 12.13-те Жаңақала ауданының орталығы Жаңақала ауылында болды. Меңдіханов көшесі бойында үш қабатты үйде қараусыз қалған 2014 жылғы бала терезеден құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды. БҚО ТЖД ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар пластикалық терезелерді орнату кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.