БҚО-да Екінші дүниежүзілік соғыс боздақтарының сүйегі табылды

0
790

Табылған түймелердегі зәкірдің суреттеріне, өзге де бұйымдарға қарап, бұл жер теңізшілердің көмілген орны деуге негіз бар дейді мамандар.


БҚО-да Екінші дүниежүзілік соғыс боздақтарының сүйегі табылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында Ұлы Отан соғысы кезінде қыршын кеткен 13 сарбаздың сүйегі табылды, деп жазады «Хабар 24».

Отан үшін от кешкен есіл ерлердің денелері облыстық іздеу жасағының қазба жұмыстары кезінде жер бетіне шығарылды. Осыдан 77 жыл бұрын Сталинград майданының тылы болған Жәнібек, Сайқын, Шоңғай станциялары жау ұшақтарының толассыз шабуылына ұшыраған болатын. Сол кезде қаза тапқандардың денелері бомба орындарына тасталып, жүздері топырақпен асығыс жасырылған еді. Мамандардың мәлімдеуінше, енді сарбаздардың сүйектері анықталуы тиіс. Себебі тарихи деректер бойынша дәл осы №365 разьезд маңында 1942 жылдың 4 қазанында Сталинрадқа бет алған Тынық Мұхиты Флотының теңізшілері мінген эшелонға бомба тасталып, 38 теңізші бақилық болады. Табылған түймелердегі зәкірдің суреттеріне, өзге де бұйымдарға қарап, бұл жер теңізшілердің көмілген орны деуге негіз бар дейді мамандар.

- Анықтау өте қиын. Себебі жаңа айтқандай бомба түсіп, кісілер қаза тапқасын кім қалады офицер, сол бүкіл құжаттарын медальондарын жинап алып кетеді. Себебі тізімдер жасайды, қазақ тапқандар туралы есеп тапсырады. Сондықтан мұнда олар соғыс окоптан табылса, автоматтарымен қару-жарақтарымен қалады ғой, мында ондай құжаттар табу өте қиын, - дейді өлкетанушы Жұбан Ғұмаров.